Жазира Байдалы. Х адамдар немесе шымкенттіктерді қоғам қалай қабылдайды?
Мен Қазақстан Республикасы мемлекетінің азаматымын. Туылған жерім Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы. Өскен жерім Қостанай қаласы. Анам оңтүстіктен, әкем солтүстіктен, ағам солтүстіктен (бірақ өскен жері оңтүстік) және мен оңтүстік (Қостанайда тұрғаныма 14 жыл). Жалпы айтқанда отбасым орта және ұлы жүз болғандықтан, соның негізінде менталитетім де аралас. Сол себепті шығар қоғамда ашықтан- ашық айтылып жүрген шымкенттіктер туралы жайттарды талдағым келді. Жақтырмаудың себебі неде? Шымкенттік болу жаман ба? Мақтанайын ба? Әлде ұялайын ба?
Біздің заманымызға жеткен жазба деректерде Шымкент алғаш рет елді мекен ретінде парсы тарихшысы Шараф ад-дин Али Йе (а) здидің (1425 ж.) біздің жыл санауымыз бойынша 1365-1366 жылдардағы Әмір Темірдің әскери жорықтары туралы жазған «Зафар Наме» атты («Жеңіс кітабы») кітабында кездеседі.
Мен Қазақстан Республикасы мемлекетінің азаматымын. Туылған жерім Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы. Өскен жерім Қостанай қаласы. Анам оңтүстіктен, әкем солтүстіктен, ағам солтүстіктен (бірақ өскен жері оңтүстік) және мен оңтүстік (Қостанайда тұрғаныма 14 жыл). Жалпы айтқанда отбасым орта және ұлы жүз болғандықтан, соның негізінде менталитетім де аралас. Сол себепті шығар қоғамда ашықтан- ашық айтылып жүрген шымкенттіктер туралы жайттарды талдағым келді. Жақтырмаудың себебі неде? Шымкенттік болу жаман ба? Мақтанайын ба? Әлде ұялайын ба?
Біздің заманымызға жеткен жазба деректерде Шымкент алғаш рет елді мекен ретінде парсы тарихшысы Шараф ад-дин Али Йе (а) здидің (1425 ж.) біздің жыл санауымыз бойынша 1365-1366 жылдардағы Әмір Темірдің әскери жорықтары туралы жазған «Зафар Наме» атты («Жеңіс кітабы») кітабында кездеседі.
Шымкент қаласының аумағындағы қоныс мекендер XI-XII ғ.ғ. пайда болған деген тұжырым да болатын. Сонымен қатар Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде болжам бар. Бұған дәлел - археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында табылған қабырлар мамандардың болжамы бойынша біздің эрамызға дейінгі V-VІ ғасырларға тән. Өткен ғасырдың басындағы қала қамалы болған жерде жақында бір еркек пен әйелдің мәйіті табылды, және ол зороастрлық салтпен жерленгендігі анықталып отыр, олай болса бұл мәйітке 1500 жыл. Бірқатар археолог-ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл жерде үлкен қорым болған, егер бұл расталса, онда қаланың пайда болған мерзімі қайта қаралуы мүмкін.
Ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын «бау-бақшалы қала», «Жасыл қала», «Шыммен қоршалған қала» - деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің «Шым» және иранның «Кент» - қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) «чиминь-чемень» яғни, көгалды, гүлденген алқап, ал бұған «Кент» сөзінің жалғануымен, «жасыл (гүлденген) қала» деген мағынаны береді.
Шымкент тарихы қашан бастау алды және қала көркі қандай болған деген сұрақ өткеннің мәселесі. Қазіргінің мәселесі заманауи Шымкент қандай және қазақтың жүрегінде оның алатын орны қандай екендігі.
Шымкенттің мәдениет, экономикалық, білім саласына тоқталудың қажеті шамалы. Себебі Шымкенттің мәдениеті бай, жастары білімге құштар, экономикасы дұрыс жолға қойылғандығы бәрімізге белгілі.
Бізді алаңдататыны - қазақстандық қоғамның жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарамастан шымкенттіктерді жақтырмауында. Мен қазір оқу бабымен Астана қаласындамын. Өздеріңіз білетіндей, Астана әртүрлі елді мекеннен қоныс аударған не жұмыс іздеп, арманын жүзеге асырам деп келген жастардың тағдырларының тоғысқан қаласы. Демек сол себепті Астанада Оңтүстік Қазақстан облысынан келгендердің де саны көп. Бірақ біздің қоғам қалған облыстарға аса мән бере бермейді, көзге түсетіні, көп айтылатыны да осы - Оңтүстік. Неліктен?
-таза қазақ және тек қана қазақ тілінде ұялмастан сөйлеуі;
-әсіресе ақша, қаражат саласына байланысты тауарды сату, сатып алу яғни сауда-саттық жерлерінде жемісті жұмыс істеуі және соған қабілеттілігі;
-таныстарының көп болуы;
«Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» дейді халық. Жақтырмауда да негіз, себеп бар, олай болса не түрткі, кедергі болуда?
-қоғамдық жерлерде көп боғауыз айтуы (әсіресе жас жігіттер)
-Өзбекстанға жақын орналасқан елді-мекен тұрғындарының өзбек менталитетіне жақын болуы;
-пайдакүнемдігі, кейде өз пайдасы үшін бәріне даяр тұруы;
Оқырмандардан тым қатты айтқаныма кешірім сұраймын. Алайда дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтатыны да рас. Біз айтпасақ, кім айтады?
Бұл тақырыпты қозғай отырып, бір ұлт арасында іріткі салайын дейтін ойым жоқ. Жүзге, руға, облысқа бөлініп, бір-біріне айдап салатындарға мүлдем қарсымын. Шымкент Қазақстанның ажырамас бөлігі және солай болып қала бермек. Ашықтан-ашық жазуымның себебі ауруын жасырғанның өлетіні белгілі. Демек мәселені шешу керек. Бірақ қалайша? Мәселе әркім өзі үшін, сөзі, әрекеті үшін жауап беруі қажет. Шымкенттіктерді көп айтуымыз- көреалмаушылығымыз, әлсіздігіміз (психологиялық жағынан). Сіздің Шымкентті кез келген жерде, дұрыс па, бұрыс па демей балағаттауыңыз, кірістіріуіңіз өзіңіздің санаңыздың төмендегін паш ететіні де хақ. Ал шымкенттіктер өздерін жұрт, қоғам жақтырмай, керісінше өз жайларына қалдырулары үшін қоғамдық этика нормаларын, қағидаларын сақтай білгені жөн.
P.S. Мен өзімнің кіндік қаным тамған жерім Оңтүстік Қазақстан облысы екендігіне еш ұялмаймын, қысылмаймын. Керісінше Оңтүстіктен тарихқа есімдері мәңгілікке алтын әріптермен жазылып қалған қаншама ұлы тұлға дүниеге келді деп мақтана аламын. Мен, сіз, біз болып Қостанайдан, Тараздан, Көкшетаудан, Шымкенттен тұратын ұлан-ғайыр Қазақстан Республикасының патриоты атануға күш жұмсайық, талаптанайық. Себебі өзіңнен-өзің қашып құтыла алмайсың, Жаратқан иемнің өзі бізді қазақ қылып бекерден бекер жаратпаған.
«qogam.kz» сайты