Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2610 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 08:04

Нөпір қаржы, нөльдік нәтиже

Басқа облысты қайдам, Атырауда қазына қаржысын жымқырудың неше түрлі айла-шарғысы жасалуда. Бірнеше миллиондардың із-түссіз кету «тарихы» сонау 2000 жылдардан бері жалғасып отыр. Бір ғана суға бөлінген қаржыда есеп жоқ. 2000-2001 жж. таза су жүргізудің әлегімен қазына қаржысы ашық түрде тоналып, тіпті, жер астындағы пластик құбырлардың өзі шіріп кетіп еді. Айналғанда Атырау облысындағы аудан, ауыл-селолардың көпшілігі таза суды кәдімгі водовозбен тасымалдап ішеді. Облыста көгілдір отын жүргізу хикаясы да қызықты, өйткені, жел болып шашылған қаржының құмға сіңгендей жоғалуына бүгінде Президент әкімшілігінің жетекшісі, бұрынғы Атырау облысының әкімі Аслан МУСИННІҢ өзі себепші болса қайтерсің.

 

 

АУЫЛДАР АТАМЕКЕННЕН ЕРІКСІЗ КӨШІРІЛМЕК

Басқа облысты қайдам, Атырауда қазына қаржысын жымқырудың неше түрлі айла-шарғысы жасалуда. Бірнеше миллиондардың із-түссіз кету «тарихы» сонау 2000 жылдардан бері жалғасып отыр. Бір ғана суға бөлінген қаржыда есеп жоқ. 2000-2001 жж. таза су жүргізудің әлегімен қазына қаржысы ашық түрде тоналып, тіпті, жер астындағы пластик құбырлардың өзі шіріп кетіп еді. Айналғанда Атырау облысындағы аудан, ауыл-селолардың көпшілігі таза суды кәдімгі водовозбен тасымалдап ішеді. Облыста көгілдір отын жүргізу хикаясы да қызықты, өйткені, жел болып шашылған қаржының құмға сіңгендей жоғалуына бүгінде Президент әкімшілігінің жетекшісі, бұрынғы Атырау облысының әкімі Аслан МУСИННІҢ өзі себепші болса қайтерсің.

 

 

АУЫЛДАР АТАМЕКЕННЕН ЕРІКСІЗ КӨШІРІЛМЕК

Газ жүргізудің қорытындысын айтпас бұрын көгілдір отынды армандап, қолы жетпей қалған ауылдардың халін жеткізелік. Бағы жанбаған ауылдардың қатарында Мақат ауданына қарасты Қошқар, Ескене, Байшонас, Комсомольск аталады. Мақатты айтқанда осы ауданға қарасты Доссор поселкесі еске түседі. «Қара алтынымен» Одаққа танылғанына ғасырға жуықтаған ауданда екінің бірі қол жеткен кәдімгі газ сағым күйінде қалды. 1911 жылы Доссорда, ал 1915 жылы Мақатта мұнай өндіріліп, бағалы байлығымен күллі елді асырап, тамсантқанымен соры бес елі болып шықты. Билік басындағылар аталған ауданның проблемасын шешуге келгенде анық дәрменсіздік танытып еді. Оның үстіне газ жүреді деп дәмелендіріп, кейін миллиондардың сұраусыз кетуі кімнің кінәсі сонда? Комсомольск селосының байырғы тұрғыны Нұри Нұржановтың жарғақ құлағы жастыққа тимей, «ақша жеп кеткендердің» қиямпұрысына күйініп ашпаған есігі қалмады. Айналғанда осы Комсомольск, бұдан басқа Қошқар, Ескене, Байшонас ауылдары (3635 тұрғын) еріксіз түрде атамекенінен көшірілмекші. Бұған тұрғындар қуанып отырған жоқ, өйткені, кім-кімге өз ауылы ыстық саналатыны сөзсіз, оның сыртында жұрт мал бағып күнелтіп отыр.
«Билік басындағылар қазынаның ақшасын жеп кетті, енді барлық проблеманы шешу мүмкін емес қой. Сол себепті бізді ауылымыздан түре қуып шықпақ. Билік басындағылар халықтың қамын ойлап отыр дейсің бе, жасаған қойыртпақтарын жасырудың амалы да. Әйтпесе, су мен газымыз болса, көшіп неміз бар. Тіпті, биліктің үй салып береміз деген уәдесіне сеніп отырған жоқпыз. Жер-жерді әлемдік дағдарыс жайлап жатқанда мұның арты қалай болып кетеді, кім білсін», - дейді Нұри Нұржанов.
Ақсақалдың қобалжуы орынсыз дей алмайсың, өйткені, шенеуніктер бұған дейін де миллиондарды қылғытып, қалың жұртшылықты тақырға отырғызып кетіп еді. 2006 жылы Комсомольскіге бұрма газ құбырының және автоматтандырылған газ тарту станциясының (АГТС) құрылысына 134, 75 млн. теңге бөлінді. Ақыры бұл қыруар қаржы тек қағаз жүзінде игерілген болып шықты. Соның естелігіндей АГТС орнатылды қалқиып. Ал биліктің мәлімдеуінше ауызша да, құжат бойынша да «комсомолдықтар» 2 жылдан бері арқасын газға жылытып отыр-мыс. Ал әкімдер бұл селоға газ жүргені жөнінде естен тандыратындай есеп берді. Сол кездегі аудан әкімі Нұрлан ЖАНТОҚОВ жұмыстың толық аяқталғаны жөнінде ресми мәлімдеген болатын. Іле-шала сол кездегі облыс әкімі Аслан МУСИН 2006 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстың қорытынды баяндамасында: «Мақат ауданының Комсомольск селосында бұрма-газ құбырының және автоматтандырылған газ тарту станциясының құрылысына 134,75 млн. теңге бөлініп, игерілді және Индер ауданы Жарсуат селосында кентішілік газ құбырларының құрылысына 64, 75 млн. теңге бөлініп игерілді» дегенді жария еткенде, басқалар қатты қошаметтеген. Бұдан кейін ұялды ма, жоқ, басқа себептері болды ма, Аслан Мусин жұмысын жоғарыға ауыстырды. Оның орнына келген қазіргі облыс әкімі Бергей Рысқалиев те газеттерде беті бүлк етпестен «комсомолдықтар» көгілдір отынға жарыды деп жариялаумен болды. Тіпті, сонда биліктегі шенеуніктер осыншама қаржының игерілмей, ақшаның суша шашылуын қалай аңғармаған?! Бүтіндей бір ауылдың газсыз қалғанын естімейтіндей саңырау ма еді? Мүмкін бұл жай жабулы қазан күйінде қалатын ба еді?! «Комсомолдықтар» қарап жатпай, түрлі орындарға шағынумен болды. Кімнің жұтқыншағынан қалай өтсін, осы миллиондар біраз шенеуніктің қалтасын қомпайтқаны анық еді. Осындай сорақылықтардан кейін жұртшылық билікке қайдан сенсін?! Енді келіп, тыныш отырған елді көшіру жайын ойлап тапқан биліктің масқара тірлігіне бұқараның қарны ашып отыр. 2009-2011 жылдар аралығында аталған ауылдарды бұл маңайдан көшіру жөнінде ресми хабарланды. Ауылдар биылғы қысты қатты қиындықпен өткізді, Қошқардағы мектеп құлау қаупінде тұр. Басқа да проблемалар жетіп артылады. 3 жылға дейін төзімділік таныту...оңай емес, әрине.

 

 

ҚИТҰРҚЫЛЫҚ

 

Жоғарда Аслан Мусиннің есепті баяндамасында Индер ауданы Жарсуат селосы бекер айтылған жоқ. Жарсуатқа да бюджеттен 2006 жылы 64,74 млн. теңгенің газ жүргізуі «қолдан» жүрді. «Осыншама қаржыны жымқырудың амалы осы» деді ме, газы бар ауылға тағы да қаржы бөлгені қай сасқандық? Жарсуатта 2003 жылы газ жүргізу толық аяқталып еді. Осыны ескермеген шенеуніктер нағыз масқара болды. Жұрт жағасын ұстады. «Ақ үйдің» айналасында талан-таражға түскен қайран қаржы біреулердің өңешінен өтті де кетті. Оны тіпті ешкім басында сезбеді де, ызың-ызың әңгіменің ақыры қылмыстық істердің көтерілуіне себеп болды. Тіпті, стахановша атқарылған газ жүргізу жұмысы тек қағаз жүзінде орындалып жатқаны кейін белгілі болды. Әшейінде бөлінген қаржыны игере алмай сормаңдай болатындардың бұлай жеделдік танытуы таң қаларлық еді. Мемлекеттік қабылдау актісіне төраға ретінде сол кездегі де, қазіргі де Индер ауданы әкімінің орынбасары Досжан Меңдігереев қол қояды. Меңдігереевтің үстінен ҚР ҚІК 314 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс көтеріледі. 2006 жылдың 9-мамырында ол қатты сырқаттанып, облыстық ауруханаға түседі, ал мемлекеттік комиссия төрағасы ретінде Меңдігерев 2006 жылдың 17-мамырында қол қойған. Ұзақ тексерулерден кейін сот сараптамасы оның қолын айқындап береді. Еңбекке жарамсыз деп танылған Меңдігереев 3 топтағы мүгедек атанады. Бірақ ол ақталып шықты. 2008 жылы өткен Индер аудандық соты мен Атырау облыстық сот алқасы психатриялық сараптама қорытындысында Меңдігереев өз әрекетінің іс жүзінде сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну, не оларды игеру мүмкіндігінен айрылған күйде болған, оның бұл күйін есі дұрыс емес деп санау керек деп көрсетіпті. Әкім орынбасарының есі кірмесе, оған қол қойғызған кім? Ауруханаға қалай кірді? Ешкімнің көрмеуі қалай? Жансақтау бөліміне екінің бірі кіре алмайды. Оның үстіне газы бар ауылға қыруар ақша бөлінгенін сол кезге дейін Меңдігереев білмеді деу бекер. 30 мыңдай халқы бар алақандай аудандағы жайды сол кездегі ауданның атқамінерлері қалай білмейді? Неге екені белгісіз, бұл сұрақтарды ресми орындар жабулы қазан күйінде қалдырды. Бүгінде аудан әкімінің орынбасары Меңдігереев сап-сау күйде жұмысында отыр. Ал, газы бар ауылға газ тартқан атыраулық шенеуніктердің ісіне былайғылар таңырқады да қойды. Өткен жылы облыстық әкімдіктің шенеуніктері мен мердігерлердің біразының түрмеге жабылуымен бұл қылмыстық іс тәмамдалған болды. Биресми мәліметтер бойынша миллиондаған қаржыны ұрлағандардың қатарында сол кездегі облыс тізгінін ұстаған атқамінерлер де болса керек. Сыбайлас жемқорлықпен күресті Елбасымыз бұдан екі жыл бұрын қолға алды. Әзірге шабақтар ілігіп, шортандар баяғыша тайраңдап жүр. Жемқорлармен күрес толастамайтыны сөзсіз. Күрес жүре береді, тек сол күрес қалай жүріп жатыр, гәп сонда...

 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА,
Рубрика. Экономика:
АЭС салу – атқа шабу емес

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443