Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2569 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 10:26

Абайды әлемге әйгілеу

Кеше Ұлттық академиялық кітапханада “ЖЗЛ” (“Жизнь замечатель¬ных людей”)сериясы бойынша “Молодая гвардия” (Мәскеу) мен “Фолиант” (Астана) баспаларының атсалысуымен жарық көрген “Абай” кітабының тұсаукесері өтті. Оған Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, сонымен қатар әдебиет пен мәдениеттің танымал өкілдері қатысты. 
“Абай” кітабының авторы ресей¬лік Николай Анастасьев ақын туралы ғылыми еңбекке қалай тер төккенін әсерлі әңгімелесе,  кітаптың жазы¬луына тікелей өзі атсалысып, ұйытқы болған Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бұл еңбек бәріміздің көптен бері аңсаған ұлы мұраттарымыздың бірі екенін айтты. 

Әуелі қазақ қоғамы үшін бұл кітаптың құндылығы неде деген сұраққа тоқталып көрейік. “ЖЗЛ” сериясы бойынша көркем-өмірбаяндық кітаптардың негізін алғаш 1890 жылы орыс ағартушысы Ф.Павленков қалағанын ескерсек, сол дәуірден бермен қарай адамзат ақыл-ойының кемеңгер тұлғаларымен үздіксіз толыққан серия ендігі ке¬зе¬кте ХХІ ғасыр көкірегіне жа¬рық құятын құндылықтарды ұлықтауды құнттап отыр.

Тарихтың тағы бір шындығы – кезінде әдеби жобаның дамуына М.Горький де қолұшын беріп, 1933 жылдан бастап сериялы кітаптардың жүйелі басылып шығуына атсалысқан көрінеді. Одан тіпті Ресейдің сол кездегі бірде-бір зиялы қауым өкілі тыс қалмағанын, әйгілі адамдар әле¬мі¬нен орын тебу талайларға ар¬ман болып қала бергенін сезіну қиын емес-тін. Ол 1938 жылы “Молодая гвардия” басылымының иелігіне берілген соң, өз өрісін тапқандай мүдірмей жыл¬жып жүре берді. Оны кешегі Отан соғысының жарақаттары да жаба алмады. Тарихи тұлғаларға арналған серия бойынша жыл сайын 20-30 өмірбаяндық кітап шығарылады екен. Заман өзінің небір ғажап тағдырларын дүниеге әкеліп жатса да өзінің бастапқы мазмұнын өзгертпеген серияның қашанда ұстанатын үш қағидасы бар. Ол: ғылыми дәлдік, жоғары әдеби деңгей және қызықты жақ¬тары¬ның көп болуы. Осы талаптарға қоса оқырман жүрегіне тіке жол тапқан кітаптардың жалпы таралы¬мы 100 миллионнан асып жығы¬лып, бүгінде әдебиет биігіндегі тең¬дессіз құбылыс екенін мойындатуда. Сол шексіз ғұмырды шебіне шегелеген мәскеулік жоба назарын тәуелсіз қазақ даласына да салуы тегін емес. Ал бұл таңдау қазақтың бас ақынына түсіп жатса, ол жалпы қазақ елінің рухани дүниесіне, қа¬сиетті даласына ауа бастаған озық өркениеттің назары деп ой түюге тиістіміз. Жасыратын несі бар, бұл даңққа бір халықтың қолы ертелеу жетіп, енді бірінің тіпті кеш бөле¬ніп жатуы бір елдің әдебиеті мен мә¬дениетінен екінші бір елдікі артық не кем болудан емес, әрине. Бірақ қашанда халық айтатын “Алтынды тот баспайды”, деген қанатты ұғым осындайда тағы да еске оралады. Адамзаттың ақыл-ойы мен парасат-парығына теңдессіз үлес қосқан жанның ішкі әлеміне үңілген зерттеуші еңбегін бір парақтап қарағанда, сол асылдың бүгін жарқырап көрінетін шағы туғанын, әлем өркениетіндегі қол¬таңбасы әлдеқашан тарих бетіне қашалып түсіп қойғанын аңғару қиын емес.
Сонымен, Абай ақынды айтулы серияға енгізген адам кім? Ол – “Культура” баспасының бас ре¬дак¬торы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни¬вер¬си¬те¬ті¬нің профессоры, филология ғы¬лымдарының докторы Николай Анастасьев. ХХ ғасырдағы Америка әдебиетінің маманы 20-дан астам монографиялық еңбек, мыңнан аса мақалалар жазған. Қаламгер өзінің шығармашылығында әлем әдебиетіндегі әйгілі тұлғаларға, қайталанбас құбылыс иелеріне көп көңіл бөліп, мұндай тағдырлар мен тағы¬лым¬дарды ұдайы ой-ошағына тамызық етіп отырған. Қаламгер туын¬дыларының қай кезде де өзінің мән-мазмұнын жоғалтпауы міне, осындай қоғамның үні мен сарынын дөп басып таба білуінде болса керек. Оның Ресейде, АҚШ-та, сондай-ақ Еуропаның бірталай елдерінде еңбектері басылып шыққан. “Феномен Набокова” , “Творчество Эрнеста Хемингуэя”, “Владелец Йокнапатофы”, “Небо в чашечке цветка: Абдижамил Нурпеисов и его книги в мировом литературном пейзаже” сияқты шоқтығы биік шығармаларын атасақ та бұл есімнің қаншалық кең жайылып кеткенін аңғару қиынға соқпайды.
Николай Анастасьевті қазақ халқына жақындата түсетін тағы бір еңбегі – Мұхтар Әуезов туралы жазған өмірбаяндық кітабы. Тұсаукесерде осы жиынға қа¬тысушылардың бірі: “Қазақ қаламгерлерінен енді кімді жазбақ ойыңыз бар?” деп сұрады. “Дәл мына жазушы туралы деп біреудің атын атап көрсетуге сәл ертелеу. Бірақ мені Әбіш Кекіл¬баевтың шығармашылығы қатты қызықтырады” деген мәскеулік қонақтың ой астарынан тағы бір үміт оты жылт етіп қалды.

Авторы: Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, Суреттерді түсіргендер С.МАҒЗҰМОВ пен А.АЯПБЕРГЕНОВ.
“Егемен Қазақстан” газеті №184-187 (25584) 26 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406