ТАРЫДАЙ ШАШЫЛҒАН ТАҒДЫРЛАР
Алматы. Тәуелсіздік монументі. Монумент артындағы қазақ тарихының қилы кезеңдерінің бейнесі. Бүгінде дүниежүзіндегі бүтін қазақтың үштен бір бөлігі өздерінің тарихи атамекені - Қазақстаннан тысқары жерлерде тұрады. Халқымыздың осыншалықты тарыдай шашырап кетуінің өзінідік сыры мен себебі - Ақ бас тарихымыздың еншісінде. Өз атақонысында отырып-ақ қилы замандардағы шекераны қайта бөлісудің салдарынан Қазақстаннан сырт қалып, шетелдік атанып шыға келгендері де тарихи әрі тауқыметті шындық. Және кеңестік солақай саясаттың салдарынан, түрліше қуғын-сүргіндердің салқынынан шет ел асып, жан сауғалап кеткендер қаншама!
Атамекеніне алғаш алпысыншы жылдары аяқ басқан бауырлардың дені сол кездегі Қазақстанның астанасы Алматыға табан тіреуге тырысты. Өкінішке орай, бұл ұлы көш аз уақытта-ақ тоқтап қалды. Алайда, осы дүрмекпен елге оралған азаматтар, олардың ұрпақтары қазақтың рухани айналымына бүгінде үлкен үлес қосты. Танымал таланттар шоғырының шоқтығын биіктете түсті. Яғни, ақын-жазушылар Несіпбек Айтұлы, Есенғли Раушанов және Исрайыл Сапарбай сынды зиялы қауым өкілдері Алматыға қоныс теуіп, қала мәдениетінің өсуіне өзіндік үлестерін қосты.
Алматы. 1991 жыл. Республика сарайы. Еласы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш Президенттік ұлықтауы. Алматы әуежайындағы шет елдік қазақтардың елге келіп, туған жер топырағын сүйіп, жылап жатқан көріністері. Көзге еріксіз жас үйіреді.
Иә, әлемнің әр түкпірін кезіп кеткен қандастарымыздың мүмкіндігінше басын қосайық деген мәселе бұрын ресми түрде жүзеге аса алмай келді. Тек қана Қазақстан өз тәуелсіздігін алған уақыттан бастап қана шетелдегі отандастарымызға мәдени-рухани жағынан демеу жасау, оқу-білім саласы бойынша көмек көрсету, олардыңҚазақстанға оралуына жағдай жасау мемлекеттік тұрғыдағы саясат ретінде тұңғыш рет қолға алына бастады.
Алматы қаласына шет елден мәңгілік тұрақ етіп келген абыз ақсақалдың бірі Халифа Алтай атамыз еді. Халифа Алтай ақсақалдың ата бабалары ата жұртынан екі ғасыр бұрын жырақ кетіп, Қытай, Үндістан, Пәкістан асып, Түркия еліне қоныс тебуге мәжбүр болған. Дегенменде тәуелсіздіктіңарқасында елге оралған Халифа Алтай ақсақал шау тартқаншағына қарамастан еліне өлшеусіз еңбегін сіңіріп кетті.Алматы қаласындағы қала берді, елдің түкпір-түкпіріндегі барлық медреседе қазір Құран Халифа Алтайдыңтәржімесі бойынша оқытылады. Және оның аудармасы бойыншатасқа басылған Құранның миллиондаған данасы Алматы қаласынан еліміздің тұс-тұсына толассызтаратылды.
Тәуелсіздік жылдарының қарлығаштары болып, Алматыға сонау шет жұрттан өнер қуып, Майра Мұхамедқызы, Шұғыла Сапарғалиқызы, Ермұрат Зейіпхан сынды мәдениет майталмандары қоныс тепті. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері жырақта жүргенқазақтың талай талантты ұл қыздары алдымен Алматыға оралып, қазақ өнерінің өміршеңдігін әлемнің айтулы деген талай сахналарында паш етіп жүр. Дегенменде олар шет елдердегі, әсіресе өздері елге оралған көрші мемлекеттердегіотандастарының болашағына алаңдайды.
Бұл туралы кезінде марқұмәнші, жазушы, ақын Ермұрат Зейіпхан былайша тебіренгені бар еді:«Мені бүгінде Қытай елінде қалған туысқандарым менондағы қазақтардың тағдыры ойландырады.Олар өз бетінше елге көшіп келгенімен мұнда жан сақтау мәселесі қиын. Менің Алматыдағы бір бөлмелі пәтерімде онсызда Қытайдан көшіп келген оннан астам туысқаныммен қысылысып тұрып жатырмыз. Шеттен квота бойынша келген әрбірқазаққа Қазақстан үкіметінің көрсететін басты көмегі мардымсыз. Сондықтан аталған көмекке үй сатып алмақ тұрмақ, пәтер де жалдай алмасы анық. Жер алу мүмкіндігі де осының аяғын құшып отыр. Ал мамандығы бойыншажұмысқа тұру мәселесі де өз күшімен шешілсе жақсы».
Шет елдердегі қазақтар ең көп қоныс тепкен елдердің бірі - Қытай. Онда ресми емес деректер бойынша 2 миллион қандасымыз бар. Және қазақ диаспорасының ең көп шоғыры орналасқан Өзбекстанда да бейресми дереккөз 2 миллион қазақтың тұрып жатқанын айтады. Өздерінің пікірінше, тіршіліктері ала - құла. Екі елдегі қандастарымыз да әлеуметтік экономикалық және түрліше жағдайларға байланысты әрі еңсе тіктеген Қазақстанға қайтуға ықыласты.
Тәуелсіздік алғалы алты жүз мың қазақ отанына оралған. Оны өсімімен есептегенде бір милионнан астам оралман қазақтың санын өсіріп отыр. Әжептәуір көрсеткіш. Оның негізгі дені Алматы қаласының үлесіне тиесілі екені анық. Ендеше, мың жасаған шахар Алматыны саялаған тарыдай шашыраған тағдырлардың жайына мән беру маңызды деп білеміз.
Мақсұтхан Дәлейұлы
abai.kz