18 Ақпан, 2016 сағат 16:50
"Қазақтың əскері - қазақты қорғау үшін емес, қазақтан қорғану үшін құрылған". Өз сөзім.
15 Ақпан, 2016 сағат 17:36
"Анау қымбаттап кетті, мынау қымбаттап кетті. Заман қиындап барады ", - деп зарлай берудің қажеті жоқ. Кейбір жұрт iPhone 5s телефонын алтысына ауыстыра алмай қиналса да үндемей жүр.
10 Ақпан, 2016 сағат 13:51
Қыздар, өзін "жеке кәсіпкермін" деп таныстырған жігіттердің торына түсіп қалмаңыздар, себебі ол "жұмыссызбын" дегеннің мәдени атауы...
3 Ақпан, 2016 сағат 14:32
Ресей азаматтарының көпшілігі Американы иттің етінен жек көреді. Ал Америка халқының көпшілігі Ресей (деген елдің)бар екенін білмейді.
1 Ақпан, 2016 сағат 11:57
2050 жыл болса керек. 72 жасқа толған Есей шал таң қараңғысында көзін тырнап аша салып Пейсчүкке кіріпті де, ұстамсыз ұрпағының сабырсыз жазбаларына бас шайқапты.
30 Қаңтар, 2016 сағат 13:21
- Мені де тізімге кіргізіңдерші?.. - Қолыңнан не келеді? - Шыңғырып ән айта аламын. - Е, бізде уже ондай бар. - Құлақшекеден қонжитуды қатырамын.
25 Қаңтар, 2016 сағат 09:53
Әйеліңіз таңдаған дүниеге күлмеңіз. Ол Сізді де таңдаған болатын...
14 Қаңтар, 2016 сағат 11:12
- Компанияны қай уақытта таратады? - Құрамында шалдар көбейіп кеткен кезде - Шалдар көбейгенін қалай анықтайды? - Егер компания биік мінберден таудағы туалеттің суық екенін әңгіме қылса, бұл оның құрамында шалдар көбейгенін білдіреді