13 Наурыз, 2017 сағат 08:27
Қазақстан xалқы 365 күннің 120-125 күні ресми демалады. Жылдың 1/3 бөлігі - демалыс.
20 Ақпан, 2017 сағат 10:37
- Тас ғасырымен салыстырғанда Қазақстанның экономикасы мың есе артқан. Ал халықтың сауаттылығы тіпті 2 мың есе артыпты.
6 Ақпан, 2017 сағат 00:29
Қазақ жері туралы даусын шығара алмаған кез келген ер - жер! Көретіні төр емес - көр!
1 Ақпан, 2017 сағат 10:44
- Шыңғыру жағынан Димашпен кiм бәсекелесе алады? - Азық-түлiктiң бағасы болмаса...
30 Қаңтар, 2017 сағат 13:23
Бүкіл тауар Қытайдан шығады. Тіпті Димаштың дауысы да. Өзіміз шығара алмағанымыз, өкінішіті, әрине...
25 Қаңтар, 2017 сағат 12:45
Құрметті бəйбішелер! Сіздер біздерді Абай көріп, өздеріңізді Əйгерім санап жүрсіздер ме? Көздеріңізді ашыңыздар. Сіз - Ділдəсіз. Ал, біз Əйгерімді іздеуді тоқтатпаймыз!
19 Қаңтар, 2017 сағат 13:03
Бәлен жасқа дейін тілі шықпаған баланы малдың шегімен қылғындырады. Алты айға дейін тілі шықпаған министрді қалай және немен қылғындырады?