8 Қыркүйек, 2016 сағат 10:27
Біз бала кезде далада футбол ойнап, қазіргі балалардың үйде телефон шұқылап отыруының себебі, олар ойнайтын жерге көлік қойып тастағанбыз.
2 Қыркүйек, 2016 сағат 12:47
ЭКСПО-ға кеткен ақшаны мұғалімдерге бергенде, ол мұғалімдер он жылдан кейін ЭКСПО-ға ұялмай қоюға лайық отандық өнімдерді жасайтын шәкірттерді тәрбиелеп шығарар ма еді?
17 Тамыз, 2016 сағат 11:49
- Бұрын қазақты ойбайлатып жеңетін еді. Бүгінде aiba-йлатып жеңетінді шығарып жатыр.
19 Шілде, 2016 сағат 09:20
- Сақалы жоқ ер адамдарды "қатын бет" деп мінейтін сәлаф-журналистер мына жағдайдан соң жақында өздері де "қатын бет" болатын шығар-ә?
11 Шілде, 2016 сағат 11:03
Келіншегім Португалия жеңеді деген, мен Франция ұтады дедім. Түбі əйел заты жеңеді екен ғой!
8 Шілде, 2016 сағат 11:58
— Қандай темекі тартасың? — Әр түрлі. — Неге? Неге бір темекі шекпейсің? — Жындысың ба? Сонда азаннан кешке дейін бір адамның соңынан қалмай еріп жүре беруім керек пе?
7 Шілде, 2016 сағат 12:42
- Жарыстан нешінші орын алдың? - Білмеймін. Бірінші болып келдім, бірақ қаншасыншы орын алғаным сегіз жылдан кейін белгілі болады.