Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
15013 43 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 12:08

Латын әліпбиі туралы Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған 100 мақала

Кеше ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын қаріпінің негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті. Елбасы қазақ ұлтының келешегі үшін аса маңызды шешімді халықтың талқылауына салып, ғалымдардың пікіріне құлақ асып, ең дұрыс нұсқаны таңдағанын көпшілік айтып жатыр. Осы орайда Abai.kz ақпараттық порталы да шама-шарқынша жалпы ұлттық тарихи шешім болып табылатын, яғни Тәуелсіз Қазақ елінің әліпбиін жасауға үлес қосқанын айта кеткіміз келеді. 

Біз тарихи шешімге жету барысына қосқан үлесімізді  сараптап, оқырманға есеп беру үшін Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған маңызды материалдардың бір парасын қайыра назарларыңызға ұсынып отырмыз. Өйткені бұл мақалалар порталымыздың оқырмандары тарапынан кең талқылауға түсіп, ғалымдардың назарын аударды. Abai.kz ақпараттық порталы латын әліпбиіне қатысты айтылатын әңгімелердің мәртөбесіне айналды. Біз латын әрпіне көшу мәселесін порталымыз ашылған 2009 жылдың 15 сәуірінен бастап, күн тәртібінен түсірмеген екенбіз. Сондықтан да, он жылға жуық төккен теріміздің бір бөлшегін халыққа жеткізгеннің айыбы жоқ деп білеміз.

1. Қазаққа ноқатсыз латын графикасы керек

2. Латын қаріпіндегі қазақ әліпбиі (Жоба)

3. Жаңа қазақ-латын әліпбиі былай болу керек

4. Жаңа қазақ әліпбиі немесе латын жазуына «Ахметше» көшу

5. Латын әліпбиі: Серікжанның ойы

6. Латын әліпбиі: Бағдар - Ахмет Байтұрсынұлының “төте жазуы” болуы керек

7. Латын әліпбиін құрастырудағы қазіргі қиындықтар мен оны шешу жолдары

8. Латын әліпбиіне балама жоқ!

9. Латын әліппесіне барар жолда...

10. «Латын әлiпбиiне мемлекеттiк тiл ғана көшедi»

11. Жамбыл Ахметбеков: Әлем елдерінің 75%-дан астамы латын графикасын қолданады

12. Сәбит Байдалы. Латын әліпбиіне көшу - қазақ санасын отарсыздандыру

13. Латын әріпін енгізу – ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытады

14. Латын әліпбиіне көшудің дайындық барысы қалай?

15. Латын әліпбиіне көшу Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінде қалай жүргізілді?

16. Президент: Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет

17. Латын әліпбиі – қазақ тілін еркіндікке шығарады

18. Латын әріпі ұлттық сананың ояну тетігі

19. Жаңа нұсқа: қазақ әліпбиінің латын қаріпінде жазылуы

20. «Латын әрпі  - ұлттық кодымызды өркендетудің жолы» Манифесті

21. Латын әліпбиі: Абай рухына хат

22. Латын әліпбиіне көшу қажет пе?

23. Латын әрпі дүниежүзіндегі қазақ ұлтын тұтастыратын мүмкіндікке ие

24. Латынға көшу – заман талабы

25. Латын әліпбиі: И мен У-дың емлесі

26. Сандардың атауы және латын әліппесі қайдан шықты?

27. Латын әліпбиі турасындағы отырыс

28. Ғарифолла ЕСІМ: Латын әліпбиін биыл анықтап, қабылдауымыз керек

29. Латын қарпіне көшуге не кедергі?

30. Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД: Латын әліпбиіне көшу Елбасымыз ұсынған "Рухани жаңғырудың" берік іргетасы

31. Оқырман ойы: Қазақтарды латын жазуы екіге бөледі деген бос әңгіме

32. Әбдіуақап Қара. Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі заман талабы

33. Қазіргі ақпарат кеңістігіне латын әліпбиі лайық

34. «Ару Латын — әлі он сегіз жасында...»

35. Латын алтын болса, қазақ тіліне алтыннан алқа тағайық!

36. Түркі жазуының түп тамыры және латын әліпбиіне көшудің тиімді жолдары

37. Н.Нығматулин: қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу

38. Депутаттар латын әліпбиіне көшу мәселесін қарайды

39. Омар Құрмаш. Латын әліпбиіне неліктен көшпей отырмыз?

40. А.Перуашев: Жаңа алфавит қолдануға ыңғайлы, оқуға жеңіл болуы тиіс!

41. Латынға көшу қажеттілік...

42. Кириллицаның кемшілігі көп. Латын ше?

43. Бұл шешім – қазақ ұлтының рухани беталысын анықтайтын шешім

44. «Қазлатын» - латын әліпбиіне қатысты барлық ақпаратты қамтитын портал

45. Латын. Мен де бір жоба ұсынсам...

46. Латынға А. Байтұрсынұлынша көшудің уақыты келді!

47. Жаңа әліпби – рухани дамудың кепілі

48. Латынға көшуге кімдер қарсы?..

49. Латынға көшу – түбі бір түркі халықтарын жақындастыратын фактор

50. Қасым-Жомарт Тоқаев: Үтір арқылы жазуға әлі ерте

51. Жетпіс жеті жылдан соңғы тарихи шешім

52. Әліпби еріккеннің ермегі емес

53. Жүз нұсқа емес, бір нұсқа керек

54. Мұрат ӘУЕЗОВ: МЕН ҮШІН КИРИЛЛИЦА ОТАРШЫЛ ИМПЕРИЯНЫҢ ҚАРУЫ ҒАНА

55. Қателесуге құқымыз жоқ!

56. Әліпби мәселесі: академиктер Елбасына Ашық хат жазды

57. Мұрат Бақтиярұлы, сенатор. 2013 жылы латын әліпбиін енгізу қажет

58. ҚХА: Латынға көшу- біздің ортақ міндетіміз!

59. Мәдениет министрі Қазақстан келешекте латын әріптеріне көшетініне сенімді

60. Латынға өтуде шегінуге жол жоқ

61. Латынға қарсы қайраткерлер нені ескермей отыр?

62. Латынға әркімнің бар таласы...

63.  Қазақтың жерін басып жүрген әр адам қазақ тілін білуі керек

64. Латынға көшсек – сырттағы 5 миллион қазақпен жақындасамыз

65. Мәңгі елдің ресми жазуы – мәңгі өзгермейтін жеке-дара болуға тиіс

66. Мұрат Әуез. Тұқымым түрік

67. 19-дың хаты: тірілмейтін «скелеттерді» жылтыңдата бермейік!

68. Анкарадан жеткен үн. Қаріпке Сталиндік зауал

69. Рүстем Әбдіқадыров. Интернетке және ұялы телефонға бейімделген қазақ әліпбиі

70. Диграфсыз және апострофсыз әліпби жобасы

71. Латынға қатысты қоғамның пікірі ескерілуі керек!

72. Ел мерейі - рухани жаңғыру 

73. Мырзатай Жолдасбеков. Тіл әркімнің қолжаулығы емес

74. Еркін Рақышев: «Кирилицамен 80 жыл жүрдік, тағы да 80 жыл жүрейік»

75. Мемлекеттік тіл – қоғамды біріктіретін маңызды факторға айналуы қажет!

76. Шәріпхан Қайсар. Кирилше СМС жазу екі есе қымбат

77. Латыншалауға қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пікір айтты

78. Серік Ерғали. Әліпби реформасы: қай жол қолайлы?

79. Диграф негізіндегі әліпби қазаққа не үшін қауіпті?

80. Айдос Сарым: Жаңа әліпбиге өту – ұлттық нартәуекел

81. Әлімхан Жүнісбек. Әліпби мәселесі

82. Біресе "диграф", біресе "апостроф"...

83. Байтұрсынұлының дәйекшесі мен апострофты шатастырмайық

84. Емлені қиындата беру не үшін қажет?

85. Кремль пропагандасы - қазақты арандату

86. Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасы

87. Қазақ әліпбиіндегі әріптерді 42 таңбадан неге 25 әріпке дейін түсіру ұсынылды

88. Әліпби ауыстыру ісі. Қапы қалма, қазақ елі!

89. Түбі «Bailatyn» нұсқасын қабылдауға мәжбүр боламыз

90. Жаңа әліпби үшін дәйекше дәйекті ме?

91. Қанат Балқыбек. Қазаққа қазақша әліппе қажет

92. Қазақ-ағылшын әліпби жобалары

93. Серік Ерғали. ҰЛТТЫҚ ЖОБА

94. Біз шыққымыз келмейтін кириллица қорасына Тәуелсіз қазақ жастары сыймайды!

95. Павлодарлық жастар латын әліпбиіне көшуді қолдайды

96. Ел спортшылары латын әліпбиіне көшуді қолдайды

97. Қайдасыңдар, қазақтың тілші ғалымдары?

98. Зиялылар Президент мақаласы жайлы не дейді?

99. Алдан Смайыл. Қазақ тілі ақпараттандыру тіліне айналуы тиіс

100. Елбасы қазақ әлібиінің жаңа нұсқасын бекітті

 

Түйін

Қош! Бұл мақалалар Abai.kz ақпараттық порталы көтерген мәселелердің ширегі ғана. Соның өзінде аз жұмыс жасалмағанын анық білуге болады. Лайым, қазақ үшін қызмет жасап, Алаш оғландарының жолымен жүрсек болғаны...

Abai.kz ақпараттық порталы

 

 

 

 

43 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048